Сот Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Сот олигарх Қайрат Боранбаевтың қамау мерзімін бір айға ұзартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - делінген жұма күнгі тараған соттың баспасөз қызметінің мәліметінде.
- Дене шынықтыру пәнінің мұғалімінен бизнес-патшалығының басшысына дейін: Қайрат Боранбаев туралы не белгілі
- Мәдениет қайраткерлері Қайрат Боранбаевтың ісіне қатысты президентке ашық хат жолдады
Боранбаевты 15 наурызда Алматыда қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкерлері ұстады. 16 наурызда ол Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. 17 наурызда белгілі заңгер, жер құқығы жөніндегі сарапшы Бақытжан Базарбек Алматының экс-әкімі мен "Нұр Отан" (қазіргі "Аманат") партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Боранбаевтың жер алаяқтығы туралы күдіктерімен бөліскен. Дәл сол күні Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны ресми расталды.
Қайрат Боранбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның келіні болған Алима Боранбаеваның әкесі.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
