Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстікте ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Солтүстікте ауа температурасы +5 градусқа дейін төмендейді: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: pixabay.com

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алдағы күндері ел аумағындағы ауа райын солтүстік антициклон айқындайды.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Ал солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр болжанады.

Тек батыс өңірде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнгі және таңғы уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі.

“Ауа температурасы Батыс өңірде күндіз +30 +37°С-тан +36 +41°С-қа дейін өте қатты ыстық күтіледі4 тамызда оңтүстікте ауа температурасы +40°С-қа дейін жетеді. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы +5 +13°С, күндіз +15 +20°С-қа дейін төмендейді”, – деп мәлімдеді синоптиктер. 

Дана Русланқызы
Жұма, 01 Тамыз, 2025 18:20
Талқылау
`