СҚО-да бес күннен бері ер адам іздестірілуде
Есіл ауданы Покровка ауылында наурыздың 5-інен 6-сына қараған түні Александровка ауылының 33 жастағы тұрғыны жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов брифингте мәлім еткендей, ер адам ұйыммен бірге Явленка ауылындағы корпоративтік кеште болған.
"Таңғы сағат 3-те ол Явленка ауылынан Покровка ауылында тұратын досына қонаққа келді, олар біраз отырған. Ал сағат 3:30-да ер адам Александровка ауылы бағытында жолға шықты. Бұл сәтте қарлы боран басталған. Ол 4 сағат 48 минутта бейнебақылау камерасына түсіп қалған, ол мектептен ауыл бағытында өтіп, кейін кері қайтқан", – деді Мұрат Қанғожинов.
Наурыздың 7-сі күні туыстары өрт сөндіру қызметінің байланыс пунктіне шығын туралы хабарлама беріп, содан кейін іздеу жұмыстары басталды. Төтенше жағдайлар департаментінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың және ол жұмыс істейтін ұйымның қызметкерлері жұмылдырылған.
Іздеуде қарда жүретін көліктер мен өтуге қабілетті техника қолданылады.
"Іздеу жұмыстары 7 наурыздан бүгінгі күнге дейін жалғасуда, 9 наурызда оның ұялы телефоны өзі өтіп бара жатқан Покровка ауылындағы мектеп жанынан табылды. Покровка, Мальцево ауылдарын тексеріп, қараусыз қалған үйлердің барлығын аралап шықты. Ғимараттар, арықтар, аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді, жақын маңдағы ауылдардың барлығына ақпарат жеткізілді. Бірақ әзірге хабар-ошарсыз кеткен адам туралы ақпарат жоқ", – деп түйіндеді сөзін подполковник Қангужинов.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
