Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызына ессіз ғашық болған кубалық: Сіздерден артық қонақжай халық көрмедім

Кубалық Луис Орландо Аренсибия қалайша Солтүстік Қазақстан тұрғыны болып шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz сайтына сілтеме жасап. 

куба

Луис Орландо Аренсибия өзінің болашақ жары Халида Шагвалеевамен 1981 жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінде бірге оқыған. Осы кезде кубалық жас жігіт журналистика факультетінің студентіне ғашық болып қалады. Тіпті, Гаванаға оралған кездің өзінде оны ұмыта алмай жүреді. 

Гавана университетін тәмамдағаннан кейін ол Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі. Осы кезде байланысты тоқтатпаған қызға жолығады. Той Кубада болып, жас жұбайлар сол жақта тұруды жоспарлайды. Алайда Халида отанына қайтуды жөн көреді. Нәтижесінде жас отбасы 1992 жылы Қазақстанға келді. 

«Бәрінен бұрын қар мен суық ауа райына үйрену қиын болды. Мектепке жұмысқа орналасып, дене шынықтыру ұстазы болдым. Алайда ол уақытта тұрақты жалақы болмаған соң, кәсіпкерлікке бет бұрдым», - деп еске алды кубалық. 

Луис Орландоның айтуынша, әлемнің екінші шетіндегі мемлекетке үйренісу қиындық тудырмаған. Себебі, мұндағы елдер бір-біріне түсіністікпен қарайды. 

«Қазақ халқының мейірімді, шыдамды және қонақжай халықты табу қиын», - деді ол. 

2018 жылы «Мерейлі отбасы» байқауында жеңіске жеткен Луис Орландо қоғам жұмыстарына етене араласады. Ал әйелі Халида – аудандық маслихаттың депутаты. 


Махаббат туралы өлеңдер

Талқылау