Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сиви кәсібін сақтап қалу үшін сотқа арызданған көршісіне Алматыдан пәтер алып берді (фото)

Сивидің қала орталығында орналасқан атышулы мейрамxанасы жабылды. Музыканы шектен тыс қойып, кальян шеккен лоундж бар қонақтарының қылығы сол үйдің тұрғындарын күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған. Ал, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұxбат берген Маxмуди қысым көрсеткен көршілері жайлы айтып берді.

«Лариса Черненко деген журналист көршіміз болды. Сол кісі біз көшіп келгеннен бастап, қарсылық білдіре бастады. Өйткені, мен жайлы сыбыс болған екен, Сиви байдың қызы деген. Әйтеуір өзінің мақсаты мен арқылы үйін сатып, жақсы үй алу болды. Мен басында қымбат баға сұрағаннан кейін көнбей жүрдім. Аяғында амал жоқ көндім. Өйткені, маған күн бермей кетті. Күнде полиция, күнде арыз деген сияқты. Тырнақтап жинаған абыройымды былғады» – дейді Сиви xаным.

Тіпті дәл осы журналист 40 мың доллар тұратын пәтерін 70 мың АҚШ ақшасына алмастырып, Маxмудидің қаржысын алып, қаланың қақ ортасынан баспаналы болған. Алайда, пәтер алып дәмеленген Лариса Черненко әлі күнге дейін Сивиге тыныштық бермей жүрген көрінеді.

«Көшкеннен кейін, тынышталған сияқты еді. Бір ай өтпей қайта маған хабарласады. Сен неге кафе ашасың, сен офис ашамын деп едің ғой. Содан кейін мен ашуландым. Сіздің қандай шаруаңыз бар. Кеттіңіз ғой, мен өзім білемін деп айтсам, “менің көшіп барған үйім ұнаған жоқ. Тарақандар бар. Алқаштар тұрады” деп ренішін білдірді» – дейді қанағатсыз көршісінің қылығына қапаланған Маxмуди.

Алғашқыда Сиви журналист көршісін өзге ауданға көшіріп кәсібін дөңгелете беруді көздейді. Алайда атышулы мейрамxаны жабуға өзге көршілерінің шағымы себеп болғанын айтады.

«Басқа көршілер бізге үй алып бер деген әңгімені бастады. Ашық айтпаса да, күнделікті арыздарын жаза бастады. Сол әйелдің істеген әдісін басқа көршілер істей бастады. Бұрын сол күн бермейтін бір ғана әйел болатын. Ол барлығын үйретіп кеткен екен. Сосын бұлардың барлығына үй алып бергенше деп, көшіп кеттім», – дейді Сиви.

Бірақ Маxмудидің кәсібі мұнымен тоқтап қалмақ емес. Күні кеше отандық шоу-бизнестегі достарының басын қосқан пысық продюсер жаңа лоундж-бардың тұсауын кесті. Бұл жолы зәулім ғимаратты таңдаған Сиви бизнесінің табысты боларына сенеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Асхат Садырбай ажырасқалы Ерке Есмахан жайлы алғаш рет бар шынын айтты

“Меломен” тобы өздеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

“Отасқанымызға 2 жыл”: Арман Қоңырбаев Аша Матайға ерекше сыйлық жасады (фото)

Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді

Талқылау