Асхат Садырбай өмірін өсектейтіндерге жауап берді

Сәрсенбі, 27 Қыркүйек , 2017 10:07

Бүгінде, желіге жүктеген әр посты қызу талқыға түсетін Садырбайдың жеке өміріне қызығушылық танытқан оқырмандардың қарасы азаймай тұр. Бұл біздің емес, Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Асхаттың айтқаны.

Журналист жігіттің жазбаларын жіті қадағалап отыратын ғаламтор қолданушылары, оның инстасын парақтап, түрлі пікірлерді қарша боратуды әдетке айналдырғаны қашан…

«Менің өзіме де қызық. Менің жазған постым неге қатты талқыланып кететіні… Білмеймін, менен де басқа өмірлерінде қызықты оқиғалар болып жатқан танымал адамдар бар. Менен де басқа мыңдаған журналистер, әншілер бар. Бірақ, білмеймін солай! Мүмкін менің жазғаным, менің жеке өмірім көпшілікке қызық шығар» – дейді таңырқаған кейіп танытқан тележүргізуші.

Иә, Асхаттың айтқаны ақиқат! Бүгінде әлеуметтік желі тұтынушылары үшін танымалдардың тағдыры қызық болып тұр. Солардың қатарында Садырбайдың экс-жұбайы Ерке Есмахан да бар. Қазіргі таңда, Ерке қыз еске түссе, «Қайда» әні қатар жүретін болған. Бұрынғы ерлі-зайыптылардың махаббат хикаясы баяғыда аяқталғанымен, шығармашылық тандем әлі де жалғасын тауып жатса керек. Бұл сөзіміздің жаны бар.

Естеріңізге сала кетсек, отандық телеарналардың бірінде бейнебаяндар бәйгесін ұйымдастырған тележүргізуші, аталмыш бағдарламаны жарнамалау мақсатында танымал тректерді топтастырған роликті желіге жүктеген болатын. Ал, таңдаулы хиттердің қатарында бірінші әйелі Еркенің әнін қосуды да естен шығармаған.

«Ол видео арнайы жоба авторларымен бірлесіп ұйымдастырған тизер болатын. Ол жерде Еркемен қатар, бірнеше қазақ эстрадасының әндері қойылды. Ал, әнді тек радиодан тыңдаймын. Ол жерде шет елдік, отандық әндер болуы мүмкін. Бірақ, белгілі бір әншінің фанатымын деп айта алмаймын. Мүмкін ол жастан өтіп кеткен шығармыз. Қазір музыка тыңдауға уақыт тапшы» – деп өз пікірін білдірген Асхат, ғаламтор желісінде тараған «Hit Қазақстан» жобасының тизері екенін айтады.

Сонымен қатар, қазіргі таңда тележүргізушінің жеке өміріне қатысты жазылған жағымсыз пікірлерді тоқтату мүмкін болмай тұр. Бастапқыда өткен өміріне бәзбіреулер тіл тигізсе, жаны жабырқайтын журналисттің бүгінде желідегі сын-пікірлерге әлдеқашан еті үйренген. Алайда, біреудің тағдырын талқыға салғандарға Асхаттың айтары бар…

«Бұрын жүрегім ауыратын. Қазір былқ етпеймін. Үйрендім, пістік. Қазір не айтса да, не жазса да күліп отыра беретін болдық. Уақыт өзі адамды пісіреді екен. Мен ойлаймын, сол маған сондай нәрсе жасағандар, бұл нәрсе солардың алдынан шығатын шығар. Өйткені, өмір бумеранг дейді ғой. Әр нәрсе қайталанып келеді, әр адамның өзіне. Сол кезде өздері түсінетін шығар. Болған нәрсе болды, кетті. Оларға еш нәрсе айта алмаймын» деп өкпеназын білдірген Асхат, жеке өміріне араласқан жандарға өмірдің алмакезек екенін ұғындырғысы келгендей…

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

“Меломен” тобы өздеріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

7 баланың анасы: Күйеуім ұлды алып қалып, қыздарды балалар үйіне өткізуді ұсынды (фото)

Алматылық такси жүргізушісі жас аруларға “жеңгетай” болып жүр

Ерке мен Төреғалиге хит әндер жазған ақын ақша үшін қиянат жасағанын айтып өкінді

Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Anonymous says:

    Асхат сенин омирин емес Ерке туралы айтар ойларынды коргиси келетин сиякты халык. Сен бир ерекше танымал адам емессин ерекше жасалган есте каларлыктай нарселер де жасаган жоксын тек Ерке кыздын бурынгы куйеуи ганасын.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар