Ерке мен Төреғалиге хит әндер жазған ақын ақша үшін қиянат жасағанын айтып өкінді

Жұма, 22 Қыркүйек , 2017 12:19

Қазіргі таңда «Қайда» әні Ерке Есмаханның қалтасын қалыңдатқанымен, аталмыш тректің мәтінін жазған автордың өкініш өзегін өртеп жүр.

Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген ақын Қайнар Алакөзов ақша үшін сөз қадіріне кір келтіргенін мойындады.

«Еркенің өзінің тапсырысымен, айтып берген идеясы. Дегенмен, қолымнан келетін болғаннан кейін, буындарға сыйдырып, соңына ұйқастар қойып, құрастырған мен едім. Бірақ, шын мәнінде қыз балаларға жазған ән мәтіндерінен қолымнан келгенше қашқақтап жүремін» – дейді Қайнар Алакөзов.

Иә, кезінде қомақты қаламақыға қызығып, арзан сөзге ерік берген Қайнар бүгінде «Қайда» әнінің авторы деген атақтан қашқақтап жүргенін жасырмайды. Өйткені, ақын болашақ ұрпағының алдында арының таза болғанын қалайды.

 «Осы әннің авторлығынан қашқақтап жүремін. Мысалы, ертең айлар өтіп, жылдар өтіп, кітаптың бір бетінде қалса. Басында Қайнар Алакөзов деген жазу тұрса. Сол кезде менің ұрпағым ойламай ма, «Мейлі таз болса да, ақшасы аз болса да» деп менің атам жазған ба бұл өлеңді деп. Сондықтан, мұндай мәтін жазғаным үшін, келер ұрпақтан ыңғайсызданамын» – деп өкінішін білдірген ақын, алдағы уақытта ән мәтініне немқұрайлы қарамауға бел буып отыр.

Табыс үшін пенделікке салынған ақын, бұл олқылықтың орынын толтыруға ниетті. Алдағы уақытта, дүйім жұрттан кешірім сұрау мақсатында, тағы бір тың туындысын жазып жатқан көрінеді.

 «Жалпы, мына өмірде қателеспейтін пенде бар ма? Осы уақытқа дейін жіберген қателіктерім үшін, осы халқымнан, айналадағы ағайын-туыс, достарымнан кешірім сұрайын деп «Кешіріңдер адамдар» деген ән жазылып жатыр» – дейді «Қайда» әніне мәтін жазған автор.

Естеріңізге сала кетсек, Қайнар Алакөзов осы уақытқа дейін Есмаханның Еркесіне  «Қайда» атты хитінен бөлек, Төреғалидің репертуарындағы әндердің 90 пайызына мәтін жазған. Сонымен қатар, Ерке мен Төреғалидың орындауындағы «Алло» әнінің сөзі дәл осы ақынның қаламынан туындаған болатын.

Оқи отырыңыз:

Орыс тілінде ән жазған Ерболат Құдайбергенов енді Ресейді бағындырмақ

Төреғали Төреәлі халық аз келіп, өзін сабасына түсірген кеш туралы айтты

Танымал тележүргізуші күйеуі тастаған әйелдерді кешірімді болуға шақырды

Айқын бейнебаяндарындағы жартылай жалаңаш қыздарды қорғап сөйледі

Жәния Джуринская “кәрі қыз” болып қалудан қорықпайтынын айтты

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар