Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет 2019 жылғы желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Республиканың басым бөлігінде желтоқсанда ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады, солтүстік және шығыс облыстарда нормадан 1 градусқа төмен, оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстарда 1 градус жылы болады.

Жауын-шашын Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жақын және жоғары болады. Республиканың оңтүстік-батыс бөлігінде, ауа температурасы нормадан аз болады.

Бірінші онкүндіктің ортасында (шамамен 5 желтоқсан - ескерту) оңтүстік циклонның шығуы кезінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде қатты (негізінен жаңбыр), тұман, көктайғақ болады. Желдің күші секундына 15-25 метрге дейін жетеді, солтүстік облыстарда боран, сондай-ақ ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.


Тағы оқыңыз


Онкүндіктің соңында Скандинавия аймақтарынан салқын ауа массаларының түсуімен республиканың басым бөлігінде орташа аязды ауа райы күтіледі.

Осыған байланысты ауа температурасының құбылуы күтіледі: батыста, солтүстік-батыста түнде 3-13 аяздан 8-15 аязға дейін, оңтүстік-батыста 3 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяздан 3 градус жылылыққа дейін, оңтүстік-батыста 2-10 градус аяз; оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 3-8, кей жерлерде 5-13 градус аязға дейін жетеді.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде 5-15 аяздан 0-8 градус аязға дейін, күндіз 3 градустан 5-12 градусқа дейін аяз болады.

Екінші және үшінші онкүндіктерде (20-31 желтоқсанда) тұрақты суық толқындар күтіледі: оңтүстік-батыс жартысында түнде 10-20 градус аязға дейін, күндіз 5-10 аязға дейін, солтүстік-шығыс жартысында түнде 20-35 аязға дейін, күндіз 10 дейін-20 градусқа дейін аяз күтіледі.

Талқылау