Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желтоқсан айындағы жұлдыз жорамал: Қашан өткенмен қош айтысып, ескіден біржола құтылған абзал

Қыстың басы толысып келе жатқан аймен тұспа-тұс келген уақыт сергек сезім мен позитив сыйлайды. Барлығы табысты әрі сәтті болмақ. Бірақ айдың ортасында белсенділікті бәсеңдетіп, өткен жылға қорытынды жасаған жөн.  Осы жылы өткенмен қоштасып, ескі-құсқыдан айырылу үшін уақыт жеткілікті. Ал жаңа жылдың алдында туған жаңа ай жаңа үміт сыйлайтыны сөзсіз. 

Сурет: pixabay.com

Тоқты

Күздің соңғы күні жинаған күш-жігеріңізді жоғалтпаңыз. Кертартпа күндердің бәрі артта қалды, алда сізді жақсы күндер мен тосынсыйлар күтіп тұр.

Егер тойлатуды ерте бастап кетпей, ерінбесеңі, желтоқсан айы нәтижелі болмақ. Материалды жағдайыңыз бәрінен маңызды болады, бірақ оған аса қатты көңіл бөлудің қажеті жоқ. 

Торпақ

Желтоқсан айы сіз үшін ойда жоқ оқиғаларға толы болады. Алайда қайда алып барары белгісіз бұл жайттар ашуыңызға әбден тиюі мүмкін. 

Жоспарына біреудің килігуін ұнатпайтыныңыз белгілі. Алайда желтоқсандағы шым-шытырықты бір арнаға салып, баланс орнату үшін сабыр сақтаған дұрыс.


Тағы оқыңыз


Егіздер

Дәл осы айда арқаңыздан жүк түседі. Айдың ортасында бойына қанат біткендей тәуекелге баруға бел буасыз.

Босап шыққан энергияны өз қалауыңызша жұмсасаңыз болады - жұмысты бар күшіңізді салып істеу немесе адреналинге толы демалыс ұйымдастыру, уақытыңызды отбасыңыз бен туыстарыңыздың ортасында өткізсеңіз де болады.

Шаян

Желтоқсанның бірінші жартысы сіз үшін бірқалыпты өтпейді. Ұзақ уақыт бойы тарығып жүрген кезде таңдау жасау оңай емес. 

Жаңа жылға қарай барлық мәселені шешудің жақсы амалы - декорацияны өзгертіп, батылдық таныту; дұрыс шешім қабылдап, сенімді достарыңыз мен серіктестеріңізге арқа сүйесеңіз, бәрі жақсы болмақ. 

Арыстан

Жылдам, батыл болғаныңыз жөн. Айдың басы сіз үшін табысты болады. 

Ортаңызбен жақсы қарым-қатынаста болыңыз. Жалғыз жүріп табысқа жету әсерлі емес әрі көңіл-күйіңіз кірбің щалуы мүмкін.

Бикеш

Сіз үшін белсенді әрі мақсатқа ұмтылатын уақыт туады. Қыстың басынан бері жаныңызды қоярға жер таппай әрекет етіп келесіз. Сонда да өзіңізге тән салқынқандылық пен іскерлік қасиетіңізді сақтағаныңыз абзал.

Ал айдың соңында демалып алыңыз. Жұмыстарыңыздың жартысын басқаларға тапсырып не кейінге қалдырыңыз. Желтоқсанда табысқа кенелгіңіз келсе, өзіңізді күтіңіз.

Таразы

Егер айдың басына деп жылы жаққы жолдама алып қойсаңыз, осы айдың энергетикасы өзіңізге қалай әсер ететінін дұрыс тауыпсыз.

Ал егер мұндай демалысты мүлде жоспарламасаңыз, ұсыныстарды байқастай жүріңіз немесе ойша тынығуды да ұмытпаңыз. Осы айда демалыс пен денсаулық күтімі сіз үшін өте маңызды.

Сарышаян

Материалдық жағдайыңыз жақсарып жатса, осалдық танытпаңыз. Мүмкін осы жылдың ең үздік сыйы сізді әлі күтіп тұр. Жұмыстың шырғалаңында жүріп, отбасы, ата-анаңызға көмектес, балаларға сыйлық алуды ұмытпаңыз. барлығына уақыт табуға тырысу керек.

Мерген

Айдың соңындамереке алдындағы қызу дайындықтан құр қалмач үшін  жұмысқа басыңызбен кетіп қалып жүрмеңіз. Жақындарыңыздың, достарыңыз бен сүйіктіңізді екінші планға ысырудың қажеті жоқ. Керісінше, барлық шаруаңызды ысырып, өзіңізге жақын жандардың ортасында болыңыз.

Тауешкі

Бір орында отыра алмайтын тынымсыз адамдар үшін осы жақсы жаңалықтарымен қуантады. Тіпті айдың соңында болатын күннің тұтылуы сізге әсер етпейді.

Керісінше, сіз туған айдың басында осы құбылыс орын алғандықтан барлық бастамаларыңыз табысты, ісіңіз сәтті болады. Тек мақсаттарыңыз айқын болсын.

Суқуйғыш

Жаңа жылға дайындық дұрыс болу үшін өзіңізді ретке келтіріңіз. Әуелі барлық нәрсенің басын ашып алған дұрыс. Айналаңызда жүрген сатқындар мен өтірікшілермен араласуды доғару керек. 

Дәл осымен басыңыз қатып бір-екі апта жүресіз. Ал содан соң аранға ерік беріп, оның орындалуына әрекет етіп бастайсыз. 

Балықтар

Егер осы айда әр мәселені ақылмен шешсеңіз, жаныңызда жүрген адамдар да, аспан жұлдыздары да тек жақсы әсер етпек. Негізінде қалыпты, тыныш өмірді ұнататыныңыз белгілі. 

Жоспарларыңызбен бөлісе бермей, сәл сабырлық танытсаңыз, табысқа кенелесіз. Бұл айда ең бастысы - өзіңізді қинамаңыз, күмәнді дүниелерге жоламаңыз.

Талқылау