Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалған қызметкері Нұрбол Кәрімов тағы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Нұрбол Кәрімовті тағы ұстады. Бұл жолы агенттіктің жалған қызметкері Каспий теңізінің жағалауынан жер телімін беруді талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

нұрбол

Ресми мәліметке сәйкес, 19 мамырда Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан өз атына жер телімін рәсімдеуді талап еткен Нұрбол Кәрімовтың әрекеті әшкереленді.

25 жастағы ер адам жер телімінде коммерциялық нысандары орналастыратынын айтқан.

"Кәрімовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталған күдікті Ақтау қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Кәрімов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.



Кәрімовтің заңсыз әрекеттері бойынша 1424, +7-778-783-93-01 телефондарына хабарласуға болады.

Былтыр Нұрбол Кәрімов жалған құжаттарды жасағаны үшін жауапқа тартылған болатын. Сол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкердің куәлігін қолдан жасап алды. Әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, полицияны қалай қайтарғанын көрсеткен.

Айта кетейік, бұған дейін өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілімін деп таныстырған Нұрбол Кәрімов халықтан кешірім сұраған еді. 

Талқылау