Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Олар мені өлтіріп, көміп тастаймын деп қорқытты": Құлсары қаласының бұрынғы әкімі жанжал тудырған видеосы жайлы түсінік берді

Әлеуметтік желілерде Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі Қаржау Шарғабаевтың есірткі сатумен айналысатыны түсірілген видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржау Шарғабаев

Telegram-арналарда Атырау облысының бұрынғы әкімі Қаржау Шарғабаевпен түсірілген видео пайда болды. Кадрларда ол қаланы 2019 жылға дейін басқарғанын айтады. Ал Атыраудағы Көктем шағын ауданына "бір затты" алып кетуді өтінген таныстарының өтініші бойынша барған. Әрі қарай, ол ақ орауышты көрсетіп, “осының артынан келдім” дейді. 

“Мен бұның артынан осымен үшінші рет келіп тұрмын (орама -авт), бірақ ішінде не бар екенін білмеймін. Маған дәрі бар деп айтты. Енді олай істей алмаймын, кінәмді мойындаймын”, - дейді видеода Қаржау Шарғабаев. Ары қарай ролик авторы қойған сұрақтарға жауап береді.



Кейінірек өзінің Facebook парақшасында Құлсары қаласының бұрынғы әкімі 19 мамырда оған бейтаныс адамдар шабуыл жасап, ұрып-соғып, камераға есірткі жасырғанын айтқан. 

“Бұл видео үндеуімді жариялау себебім, 19 наурыз күні Атырау қаласына бір танысымның өтінішімен зат алып кетуге барғанмын. Сол кезде маған бейтаныс адамдар келіп, телефонымды және құжаттарымды талап етіп, мені қорқытты. Телефонымды тартып алып, ішіндегі құжаттарымды қарады.Олардың 7-8 адам болды. Бұдан соң құжаттарымның арасынан 2019 жылы Құлсары әкімі болғанымды көрсететін визиткамды тауып алып, видеоға түсуімді талап етті. Әйтпесе, олар мені өлтіріп, зиратқа көмемін деп қорқытты. Кадрларда менің аузымнан қан ағып жатқанын және қатты ұрғанын көруге болады. Мен өз өмірім мен жақындарымның өмірі үшін қорықтым. Мені ұрып-соққан адамдардың жауапқа тартылғанын қалаймын, әділеттілікке қол жеткіземін деген ойдамын. Қазір ем қабылдап жатырмын, - дейді ол. 

Сонымен қатар Қаржау Шарғабаев Құлсары қаласының басшысы қызметінен 2019 жылы кеткенін айтты.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тәртіп сақшылары тергеу мүддесі үшін басқа ақпаратты жарияламады.

 

Талқылау