Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңжаңда 3 лаңкес теракт жасап, 5 адам қаза тапты

Сейсенбі, 14 ақпан күні, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі Хотан аймақтық үкіметінің мәліметі бойынша, Пишан ауданында теракт болды.

20170215105742 (1)

Жергілікті үкіметтің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, 3 лаңкес қолына пышақ алып, тұрғындарға шабуыл жасады. Соның салдарынан 5 тұрғын қаза тауып,  5 адам ауыр жараланған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 террористі оқиға орнында атып өлтірді.

Полиция халықтан үйден шықпауды және жалған ақпарат таратпауды талап етті.

Жергілікті үкіметтің ресми сайтының мәліметінше, қазір Пишан ауданында ахуал тұрақтанды, тиісті тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр.

Жіберіп алмаңыз:

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)

Талқылау