Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Найзағай, бұршақ пен нөсер болады": Синоптиктер еліміз бойынша 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет 20 мамырға арналған Қазақтан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында жауын-шашын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pexels

Синоптиктердің болжауынша, елдің көп бөлігінде нөсер жауын мен найзағай болады.

"Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағының басым бөлігіне өз ықпалын сақтайды. Найзағай мен жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл, солтүстік-батыста, солтүстігінде тұман болады", – деді "Қазгидромет" РМК.

Сонымен қатар мамандар өрт қауіпі жоғары аймақтарды да атай кетті. Оларға:

  • Қарағанды қаласының орталығы;
  • Атыраудың солтүстік-батысы мен шығысы;
  • Қызылорда қаласының орталығы;
  • Батыс Қазақстан облысының батысы;
  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысы;
  • Түркістан облысының шөлді аудандары;
  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы;
  • Абай облысының орталы кіреді.

Соның ішінде Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Талқылау