Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Қазақстандық әйел Астанаға жұмыс іздеп барып, артынша өз өмірін сақтап қалу үшін күресуге мәжбүр болған. Жұмысқа алған үйдің иесі оны аяусыз ұрып, зорлап тастаған.

505010

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Мамандардың топшылауынша, күн сайын елімізде 20 шақты қыз-келіншек зәбір көреді. Ал балаларға қатысты 120 қылмыстық іс қозғалған. Бұл тек ресми деректер ғана. Зәбір көргендерін анасы мен қоғамға айта алмай жүргендер қаншама?! Оның үстіне азғындар жас талғамайды. Солардың бірі – алматылық әйелдің басында болған оқиға.

Роза ханым 2016 жылдың тамыз айында Астанаға барады. Оған досы еліміздің бас қаласынан жұмыс ұсынған екен. Осылайша әйел өзі танымайтын отбасындағы 90 жастағы кейуананың күтушісі болып жалданады. Сол үйде ақыл-есінің кемістігі бар ер-азаматқа тап болып, одан зорлық-зомбылық көреді.

“Өзім жұмыста қысқартуға ұшырадым. Екі ай бойы үйде жұмыссыз отырған жерімде бір танысым хабарласты. Өзі мемлекеттік мекемеде қызметкер болып істейді. Ол маған “Астанада жұмыс бар. Аталған қалаға тезірек кел. Айына 100 мың теңге жалақы алатын боласың” деді. Мен барған үйдегі кейуана осы танысымның жолдас қызының анасы екен. Әже атақты әулеттен шыққан. Өте беделді кісілер. Екісі күні жолға билет алып, үші түнде Астанада болдым. Мені автобустан ешкім күтіп алмады. Бір уақытта танысым олардың мекен-жайы мен телефонын жазып жіберді. Таксимен барғанымда мені сол үйдің ұлы мен келіні күтіп алды. Үйге кіргізіп, 10 минуттың ішінде барлық жұмысты түсіндірді. Артынша бірден жиналып кетіп қалды. Бірақ олар үйде бізбен бірге тұратын бір ер азаматтың ақыл-есінің кемістігі бар екенін ескертпеді.

Тек “Түнде әжеміздің қасына жатыңыз. Ол кісі қатты қорқады” деді. Бұлардың артынан әлгі ер азамат та шығып кетті. Бір уақытта қайтып келіп, асханада 3 бөтелке сыра ішті. Біреудің үйінде қожайын емес екенімді түсініп, үндемедім. Киімдері осы үйде болғандықтан, тұрса тұратын шығар деп ойладым. Таңғы төрт шамасында жаңағы ер азамат мені сол жақ безімнен басып қылқындыра бастады. Басымнан жұдырықпен ұрып, ішкиіммен мен көйлегімді жыртып тастады. Артынша үстіме жатып алды. Сіңірімнің барлығын ыдыратып жіберді. Әлі күнге дейін ауырып жүрмін. Бір уақытта қонақ бөлмеге шашымнан сүйреп апарып, жыныс мүшесін ұстатты. Жыныс мүшесі әрекетсіз болғандықтан, қолымен әрекет жасады. Әйтпесе төртінші қабаттан лақтырамын деп қорқытты. Таңертең ол кісі үйде болмады. Бұл туралы ешкімге тіс жармаймын деп шешім қабылдадым.

Апасына шай беріп жатқан кезде, мұрнынан суы ағып үйге кіріп келді. Мені қатты соққылады. “Күйеуің боксшы болса, міне саған! Денеңді бөлшектеп, қоқысқа тастаймын” деп одан арман ұра берді. Газдың үстіне құлап түстім. Орамалым жерге ұшты. Апасының қасына жүгіріп барып тығылмақ болдым. Артымнан келіп желкемнен 15-20 рет ұрды. “Алла бар екенің рас болса, аман алып қалшы” дедім. Бұл азғын емес, нағыз хайуан. Анасын зорлап жүрсе керек. Өйткені мен бұл үйге келген кезде, келіні мен баласы “Әженің қасына жатыңыз. Ол түнде қорқады” деп ескерткен болатын. Сол сәтте-ақ көңіліме бір күдік ұялаған еді. Осы екі күн ішінде өлім алдындағы сезімді бастан кешірдім. Қызымды ғана ойладым.

Бір күні мені дәріге жұмсады. Маған 1450 теңге берді. Сол ақшаны алып, үлкен көшеге қарай қаша бердім. Алдымнан шыққан бір ер кісіге әбден жалындым. Құтқаруын өтіндім. Подъезде тұрған учаскелік полицияның нөмірін жазып алған болатынмын. Оларға хабарласқан едім, “Отарға келіңіз” деді. Бір уақытта телефонды жанымдағы адамға беруімді сұрады. Оған “Әйелді сол жерде ұстап тұрыңыз. Біз қазір барамыз” деп айтқан екен. Бірақ қуып жетсе, өлтіріп тастай ма деп қатты қорықтым. Қаланы білмесем де, қаша бердім. Осылай жүгіріп келе жатқанымда алдымнан костюм-шалбар киген ер-азамат шықты. Ол кісіден мені таксиге салып жіберуін өтіндім. Ол кісіге әлі күнге дейін алғысым шексіз. Мені құтқарып қалды. Бұл оқиғаны қызым жартылай біледі. Туыстарымнан тек туған әпкем біледі. Тіпті, жер басып жүруге намыстанамын”, – дейді Роза ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Үлкен отбасының бес бірдей қызы зорланған

Шымкенттік әйел 60 жастағы көңілдесінің жалаңаш суреттерін пайдаланып ақша бопсалаған

Қазақ қызы Мысырдағы жігітіне қарызға берген 540 долларды қайтара алмай жүр

Әкесіне өкпелеген 43 жастағы әйел әлі тұрмысқа шыққысы келмей жүр

Талқылау