Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)
Әзірбайжанға келген дәулеті шалқыған араб туристері қымбат автокөліктерімен елдің түкпір-түкпіріне аттанып, жүгірген аң мен ұшқан құсты жаппай қырған. Қырғанымен қоймай, мақтан көріп, олардың фото-суреттерін әлеуметтік желіге салған.
Бұл туралы islam.kz хабарлайды.
“Қанжыға майланған саят” деп өздері атаған олардың бұл әрекеті жергілікті халықтың наразылығын тудырып отыр.


2016 жылдың жаз мезгілінде аталған елдің мәдениет және туризм министрлігі ел аумағына енген арабтардың қарасы туралы дерек келтірген болатын.



“Биыл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл елге келетін арабтардың қарасы 30 пайызға артқан. “Егер 2015 жылы Әзірбайжанға бар-жоғы 99 араб азаматы келген болса, 2016 жылдың мамыр айында олардың қарасы 3 мың адамға жеткен. Яғни, олардың қарасы 30 есеге көбейген”, – деп айтылған министрлік келтірген мәліметте.
Оқи отырыңыз:
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"
