Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік келіншек дәрігерлердің “тусаң көз жұмасың” дегеніне көнбей тұңғышын босанды

Мен тұрмысқа шығып, тұңғышым Оразалыға жүкті кезімде газды сусындарға жерік болған едім. Жолдасым Әлекең  «Кока-кола», «Фанта» сияқты сусындарды орамымен әкеліп қоятын. Бірақ соны көп ішкеннің нәтижесінде мен ауруға душар болдым.

dzemdibas-paris-grutnieciba-grutniece-48502193

Жүктілік кезеңі өскен сайын оң бүйрегім  нашарлап, кіші дәретке шыға алмай, денем ісіп кетті. Ақыры қан қысымым жоғарылап, аудандық ауруханаға түстім. Анашым күндіз-түні қасымда болды. Жанымда болмағанда қайтсін, үш ұлдың ортасында жалғыз өскен еркесі мынадай ахуалға түсіп отыр, деп жазады Замана газеті.

Айтайын дегенім, бүкіл зертханалық талдауды анам өзі жасады. Ол 25 жылдан бері аудандағы қан орталығында, сондай-ақ аудандық ауруханада зерт­ханашы, жансақтау бөлі­мінде ауыр науқастар­ға жедел қан құятын маман болды. Әлі де осыған ұқсас салаларда қызмет етіп келеді.

Анам маған өте қатал, әрі мейірімді еді. Еркелігім асып кетсе таяқ жейтінмін, ал кейде жер-көкке сый­ғызбай еркеле­тетін.

Ауруханада жағдайым ауыр болып тұрса да анам мұны маған білдірмейтін. Жүзіме үнемі күле қарап, жымиып сөйлейтін. Анамның жылы жүзіне қарап мен де ауырғанымды ұмытатын­мын.

Әне-міне дегенше тоғыз ай толып, толғата бастадым. Толғағым аптаға созылды. Сол кезде кіші дәретке толық шыға алмағанымнан денем ісіп кеткені соншалық, салмағым 105 килоға жетті. (Ал менің салмағым 70-75 кило шамасында болатын). Қан қысымы 200-ден жоғарылады. Ұйықтасам қатты бастырылығып қала бере­тінмін. Содан ұйықтауға да қорқамын. Өйткені өзімді ояна алмай қалатындай сезінуші едім.

Босанатын кезімде дәрі­герлер кеңесіп, баланы құрсақты жарып алатын болды. Бірақ анам оған рұқсат бермеді. Мені өзі босанады деп айтқанынан қайтпай тұрып алды.

Толғатып жүргенімде ауру шамалы басылғанда кереуетке отырған күйде көзім ілініп кетіпті. Шамалы уақыттан соң оянып, анамды шақырдым.  (Бұл кезде қан қысымынан көзім көрмей қалған еді). Жа­уап болмаған соң қа­быр­ғаны сипалап, дәлізге шықтым. Түнгі кез еді, барлық науқас­тар тәтті ұйқыда. Ал мен қайда бара жат­қанымды білмей, жай ғана қабырға сипалап алға кете бердім. Кенет анамның жылаған әлсіз даусы естілді. Дауыс шыққан жақ­қа қарай жүрдім. Бір есікке келіп қалдым. Есіктің арғы жағынан күбірлеген 5-6 адамның даусы естіледі. Меніңше, анама сөйлеп жатыр.

– Сіз өзіңіз біліп тұрсаңыз да неге мойындамайсыз?! Өз қызыңызды мәң­гіге жоғалтып алатыныңызды біле тұра мұндай шешімге келіп тұрғаны­ңыз­ға таңқаламыз. Қызыңыздың өмірін қатерге байлап тұр­сыз!

– Мен операцияға келісім бермеймін! Ол наркоздан қайта ояна алмайтынын да жақсы білемін. Өзі босанса ғана баламның аман қалу­ы­на мүмкіндігі бар. Не болса да барлығына өзім жауап беремін. Кез келген қағаздарыңа қол қоюға да­йынмын… – деген анам еңіреп жылап жіберді.

Одан артық мен де шыдай алмай есікті жұлқи ашып ішке кірдім де:

– Көшедегі қараусыз қаңғыбас қаншық ит те туа­ды. Менің содан қай жерім кем?! Оңай өле салатындай мен сіздер ойлағандай әлсіз емеспін. Әлі-ақ көресіздер, мен осы перзентханадан бөпемді құшақтап шығамын! – деп дәрігерлерге айғайладым.

…Таңғы сағат 4 пен 5-тің аралығы болуы керек. «Родзал». Айналам толы дәрі­гер­лер мен медбикелер. Әлі де көзім көрмейді. Дауыстап анамды шақырамын.

– Балапаным, мен осындамын, – деп жауап қатады ол.

Мен босанып жатқанда анам білегімді қолымен ұстап тұрды. Осылай етсе жеңілдеп, әйел қиналмай босанады дегенді біреуден естіген екен. Сол үшін Аллаға жалбарынып, менің білегімнен ұстаған бойы жа­ным­нан бір елі ұзап кеткен жоқ. Мен болсам еркелігіме басып, «мамалай» беремін.

– Балапаным, сен үшін мың рет толғатуға да­йын­мын. Бірақ менің қолымнан ештеңе келмейді. Дәл қазір мықты болмасаң, бәрі бітті дей бер, – деген жыламсыраған сөзінен соң өзімді тез жинап алдым. Дыбысымды шығармай, барынша күшену ар­қылы баланы сырт­қа шыға­руға бел будым. Сол арада менің қиналып жанталас­қаныма шыдай алмаған анам тыс­қа шығып кетіпті.

Күшенген сайын тынысым тарылып барады. Дәл қазір басым ауыр­ғанынан парт етіп жарылып кетердей. Бір кезде іңгәлаған дауыс шықты. Қатты ұйықтап бара жатырмын. Іңгәлаған дауыс та бар­ған сайын алыстан келгендей болып бәсеңдеп жатыр. Денем жеңілдеп, бейне ұшып бара жат­қандаймын.

– Бибайша! – деп шапалақпен біреу бетіме салып жіберді. – Балам, ұйықтама! Қазір ұйықтасаң ешқашан ояна алмайсың! – деген анамның даусынан селк етіп ояндым.

…Палатаға шыққаныма екі күн болды. Анам әлі жоқ. Үшінші күн дегенде келді. Мен ауруханаға түскелі бір ай бойы ұйықтай алмаған екен. Мен босанып болғасын таңертең үйге барғаннан екі күн тырп етпей ұйықтапты. Палатаға кірген бойда:

– Менің балапаным, алтыным, қошақаным! Он бала тусаң да сен мен үшін кішкентай ғана балапансың! Аллам, өзіңе шүкір! Балам, мықты бол­ғаныңа рақмет! Операцияға рұқсат беріп, сенен мәңгіге айырылғанша, Құдай алар болса тым болмаса өз қолымнан кетсінші деп едім… –  деп анам аяқтарымды құшақтап тұрып еңіреп жылады. Сол күні мені босана алмайды деген дәрігерлердің барлығы палатама келіп, менен кешірім сұрады.

Мен өз анамды мақтан тұтамын! Менің анам – ақкөңіл мінезімен елдің ықыласына бөленген ақ халатты абзал жан!

Жіберіп алмаңыз:

Сұлу көңілдесін қызғанып баласын өлтірген әкенің оқиғасы

Әкелері жоқ, анасы жұмысқа жарамайтын отбасының балалары пакет жинап күн көріп жүр (фото)

Қызылордалық әйел 55 мың теңге үшін көше тазалап 4 баласын асырап отыр (фото)

Талқылау