Алматыда балконға өрмелеп шығып, өртті сөндірген ер адам ақшалай сыйақы алды

Фото: Алматы әкімдігі
Алматы әкімдігі "Алма Сити" тұрғын үйінен өрт шыққан кезде төртінші қабаттың балконына өрмелеп шыққан Асыл Ахметовты марапаттады. Бұл оқиғаға туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдай кезінде батылдығымен көзге түскен Асыл Ахметовке ақшалай сыйақы табысталды.
"Еңбегімді елеп, құрмет көрсетіп, қабылдап жатқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсетуді азаматтық борышым деп білемін. Бұл әрекетімді марапат үшін емес, адами парызым ретінде жасадым. Менің орнымда кез келген адам дәл солай істер еді деп ойлаймын", – деді Асыл Ахметов.
Еске салайық, 4 маусым күні сағат 17:07-де Наурызбай ауданында Жүнісов көшесі, 2/23 үй ("Алма Сити") мекенжайы бойынша он қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің балконында қоқыс өртенген еді. Ер адам жоғарғы қабаттағы балкондағы өртті сөндіру үшін төртінші қабатқа өрмелеп шықты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген