Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі мейрамханада болған қанды атыс: Атышулы қылмысты жасағандардың ісі сотқа жетпеген

Шымкенттегі мейрамханада атыс ұйымдастырғандардың кейбірі әлі күнге дейін ұсталмады. Бір адам оққа ұшып, тағы бірінің ауыр жағдайда ауруханаға түсуіне себепкер болғандарды полиция таба алар емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қанды оқиға орын алғалы төрт айдан асты. Сол кезде бейресми ақпарат көздері қанды оқиға қос қылмыс серкесінің арасындағы текетірестен туғанын айтып, әлеуметтік желіде күдіктілер туралы мәліметтерді де таратқан еді. Бірақ полиция бұл ақпараттарды сол кезде-ақ теріске шығарып, оқ атқанның күдіктінің қаза болған жігітпен жақын жолдас болғанын айтқан. Бас полицей  төрт күдікті ғана ұсталғанын айтты. Тағы қанша адам іздестіріліп жатқаны белгісіз.

"Іздеуде бар әлі. ..Іздеп жатырмыз. Ұсталған кезде айтамыз. Іздеуде жүргендер ұсталмай тұрып, олардың қанша екенін айта алмаймыз ғой, біз ұстаймыз оны. Тергеп жатырмыз...Шетелге кетуі мүмкін емес. Бәріне тосқауыл қойылған. Қазақстанның ішінде жүр. Оны іздеп жатырмыз", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов.

Бұдан бөлек былтырғы қазан айында "Сүндет" дәмханасында болған қылмыс сотқа да жетпепті. Полиция департаментінің бастығының айтуынша, қазір қосымша іздеу шаралары жүріп жатыр. Әу бастағы күдіктілер ұсталғанымен, тағы бірқатарын қолға түсіру бойынша әрекет жасалып жатыр екен.

Еске салайық, қоғамдық тамақтану орнына сырттан кірген адам қолындағы атыс қаруын кезенген күйі ішке кіріп, оқ жаудырған еді. Салдарынан төрт адамға оқ тиіп, біреуі сол жерде жан тапсырды.

Талқылау