AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жүкті әйел сауда орталығында босанып қалды

"Шымкент плаза" қызметкерлері мамандықтарын өзгертіп, акушер болуға мәжбүр болды. Сауда орталығында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бұл – "Шымкент Плаза" сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

"Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. "Шымкент Плазадағы" бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз, әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді", – деді HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.



Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

"Жағдайы жақсы. Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр", – деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр