Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үшем қыздар бір уақытта жүкті болды

Калифорниядағы Оранж округінің үшем қыздар бір уақытта жүкті болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазір 35 жастағы Тран деп аталатын үшемдер бірнеше минуттық айырмашылықпен дүниеге келді.

Ал енді Джина, Нина және Виктория алдағы төрт айда кезекпен босанады.

Апалы-сіңлілердің үлкені Джина құрсағындағы қызға Лейтон Грейс есімін бермек, ортаңғысы — Нина ұлды болмақ, оны Хендрикс Пол деп атауды жоспарлап отыр. Кішісі Виктория да “ат ұстар” туылады деп күтіп отыр. Ол баласына Зейден Сет есімін береді.

"Нинаның жүкті екенін білгеннен кейін, Джинаны да көндірдік", — деді Виктория. Балалар шілде, тамыз және қараша айларында дүниеге келеді деп күтілуде.

Болашақ аналар бірдей киімде суретке түседі. Олар бір ауруханада босанғалы жатыр.


Талқылау