Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте полицейлер көліктің терезесін сойылмен сындырып, "ұрлықшыны" әрең сыртқа шығарды (видео)

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде шымкенттік полицейлердің көліктің терезесін сойылмен сындырып, жүргізушіні сыртқа күштеп шығарған видеосы тарады. Жергілікті тұрғын ер адамның үстінен шағымданып, көлігін ұрлап кеткені туралы арыз жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шымкентте 14 мамыр күні азаматша көлігінің ұрланғаны туралы полиция басқармасына шағым түсіреді. Сол күні полицейлер күдікті ер адамды тоқтатуға тырысады. Алайда видеода ер адамның көліктен шықпай, жол қозғалысына кедергі жасап жатқанын байқауға болады. 
Бірнеше тәртіп сақшы күдіктіні тоқтату үшін көліктің алдыңғы терезесін сойылмен сындырып жатқаны көрінеді. Осыдан кейін олар оны тоқтатып, полиция бөлімшесіне алып кетеді. 

Бұл жағдайға байланысты Шымкент полиция департаменті түсініктеме берді.

"Жүргізуші полициямен көлік құралы ұрланғаны туралы хабарлама бойынша тоқтатылды. Полицейлердің заңды талаптарына бағынбай, жасырынуға тырысып, көлікпен қозғалысты жалғастырмақ болған ер адам полиция қызметкерлерінің ғана емес, жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Автокөлікті ұрлау жайты бойынша тексеру барысында арызданушы, ұсталған ер адам өзінің жақын туысы екенін және оған ешқандай шағымы жоқ екенін жеткізді", – деп жауап берді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Сонымен қатар полиция департаменті құқық бұзушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және көлік құралын жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны үшін жауапқа тартылды деп түсіндірді. Қазір күдікті әкімшілік қамауда екен. Бұдан бөлек полиция департаменті сойылдың болғанын жоққа шығарды.

Алматылықтың банкті тонамақ болған сәті видеоға түсіп қалды

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ұрлық жасады деп күдікке ілінген азамат ауруханаға барып қашып кеткенін жазған едік. Оқиға 3 мамырда болған. Ұрлық жасады деген күдікке ілінген азамат қамауда алынған кезде ауруханаға барып емделген. Полицейлер кейін ауруханадан қашқан адамның ұсталғанын мәлімдеді. 

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 20 Мамыр, 2025 16:28
Талқылау