Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент полициясы желіден 50 порносайт анықтап, бұғаттады

Шымкент полициясы 50 порносайт анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қалалық полиция департамент жариялады.

лас

27-28 қазан аралығында Шымкент қаласында полицияның ақпараттық технологиялар саласындағы заң бұзушылықты тиімді анықтап, жолын кесу үшін "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

"Іс - шара барысында Шымкент криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтты анықтап, жедел бұғаттады", - делінген ресми хабарламада.

Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, желі пайдаланушыларына қатысты алаяқтық әрекеттердің жеті фактісі анықталды, олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жүргізіліп жатқан ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, сатып алу, сату немесе пайдалану фактісі анықталды.



Шымкент полицейлері тұрғындар назарына мынадай кеңестерді ұсынады: 

- ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін айтпаңыз;
- аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеуге; 
- күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу;
- тексермей тұрып тауар үшін алдын ала төлем жүргізбеуге;
- күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болуға;
- банкинг қызметтеріне қол жеткізу парольдерін тұрақты түрде ауыстыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану;
- өз шоттарындағы ақшаны тексеру.

Талқылау