Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашынан тартып, тепкілеген: Шымкентте автобуста жолаушыны соққыға жыққан әйел сотталды

Фото: freepik.com

Шымкентте автобуста жолаушыны соққыға шыққан әйел сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 2025 жылдың 25 маусымында №21 автобуста болған. Соттың мәліметінше, әйел жолаушының шашынан ұстап, тартып, бірнеше рет тепкен. Нәтижесінде жәбірленуші жеңіл дене жарақатын алған.

Сотта жәбірленуші айыпталушыны кешірмеді. Айыпталушы кінәсін мойындап, бас бостандығынан айыру жазасынан басқа жаза қолдануды сұрады.


Автобуста аутизмге шалдыққан баланы балағаттаған әйелдің әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды (видео)

Семейде жолаушы жүріп бара жатқан автобустың жүргізушісін ұрған (видео)


Сот әйелді кінәлі деп танып, оған бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда автобуста ер адам зейнеткерді соққыға жыққаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 08 Тамыз, 2025 20:13
Талқылау
`