Соңғы жаңалықтар

Шашынан сүйреп, жерге құлатқан: Ақтөбедегі оқушы қыздар төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды

Ақтөбе облысында болған мектеп оқушыларының төбелесі бойынша қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Қыркүйек айының соңында әлеуметтік желілерде бірнеше жасөспірім қыздар сыныптасын ұрғаны түсірілген видео пайда болды. Ролик қоғамдық резонанс тудырды. Полицияның араласуына тура келді, "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғады.

Енді қылмыстық іс жабылғаны белгілі болды, себебі төбелеске қатысушылар 14-15 жаста болуында.

"Қылмыстық кодекстің нормаларына сәйкес, осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Материал әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127 бабы 3 бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізуге бөлінді - ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы және шешім қабылдау үшін мамандандырылған әкімшілік сотқа берілді", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, Ақтөбеде оқушы қыздар өздерінің төбелесін видеоға түсірген. Видеода бір-бірін шашынан сүйреп, жерге құлатқан қыздардың бейнесі бар. Кейіннен балағат сөз айтып, бір-бірінің сөзін көтере алмаған соң, төбелес шығарғаны белгілі болды. Содан соң желіде тағы бір видео тарады, онда қыздар өздері соққыға жыққан сыныптасынан кешірім сұраған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр