Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Видеодан скриншот
Алматы облысында 6 жасар баланы қағып, әрі қарай қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Lexus RX 300 көлігінің жүргізушісі артқа қарай қозғалғанда велосипед теуіп жүрген 6 жастағы баланы қағып кеткен. Бейнежазбада жүргізуші баланы соққаннан кейін, ешқандай көмек көрсетпестен, оқиға орнынан кетіп қалғаны көрсетілген.
Полиция көлік иесін келесі күні ұстады. 42 жастағы күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Полиция департаменті “ер адам полиция қызметкері” деген ақпаратты жоққа шығарды.
“Видеодағы ер адам полиция қызметкері емес. Оқиғаға дейін теріс себептермен жұмыстан шығарылды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы облысында көлік жүргізушісі 6 жасар баланы қағып, кейін қашып кеткені айтылды.
Талқылау

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”

Депутаттың компаниясы тендерді жеңіп, 700 млн теңгеге жол жөндеген: Тұрғындар сапасыз асфальтты қайта төсеуді талап етті
Депутат Минасян Оганестің компаниясы жөндеу жұмысын кеш аяқтағаны үшін 11,5 миллион теңгені мемлекетке қайтарды