AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Себебі сен орыссың": Ресейлік актер Қазақстанда өткен балалық шағы жайлы айтамын деп сынға қалды

Ресейлік актер Павел Прилучный әлеуметтік желіде Украинадағы жағдай туралы айтып, Қазақстанда өткен балалық шағы жайында естеліктерімен бөліскен. Ол өз жазбасында Қазақстанда өткен күндерінің барлығы қорқынышқа толы болғанын айтқан. Ал шымкенттік заңгер Прилучныйдың сөздерінен кейін оның үстінен сотқа арыз түсірген. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

павел прилучный

Павелдің балалық шағы Шымкент қаласында өткен. Өзі бұл жөнінде былай дейді.

"Мені қоршаған достарым мен әріптестерімнің көпшілігінде мұндай ащы тәжірибе мен балалық шағынан қалған естеліктер бар – ол уақытта сен ешнәрсені түсінбейсің, тек барлығынан қорқасың. Өйткені сен – орыссың, сенің ата-анаң орыс, жаныңдағы көршілерің де орыс, олардың кейбіріне пышақпен жарақат салған", –  деп жазған актер.

Оның айтуынша, қайта құру кезеңінде олар Шымкенттен Новосибирск маңындағы Бердск қаласына қашуға мәжбүр болған.

"Осы күндердің ішінде мен өз-өзіме бір сұраққа жауап беруге тырысып келемін: аталары бірге соғысып қана қоймай, бірге жұмыс істеген, зауыттар мен фабрикаларды тұрғызған біздер орыстар, қазақтар, украиндар, грузиндер, белорустар неліктен көп жылдар бойы бір бірімізді тек жек көрумен келеміз? Бейбітшілік пен береке-бірлікте өмір сүруімізге не нәрсе, болмаса кім кедергі?" – дейді Прилучный.



Алайда көптеген желі қолданушылары мен оның оқырмандары актердың бұл мәлімдемесін сынға алып, айтқан сөздерін толығымен жоққа шығарған.

"Мұндай нәрсе болған емес! Мен Шымкентте тұрамын. Қайта құру кезеңінде керісінше барлығы бір біріне қол ұшын созды. Ұлтқа да жіктеп бөлмеген!"

"Одан да үндемей-ақ қойғаның жақсы еді", – деп жазды желі қолданушылары.

Ал шымкенттік заңгер Евгений Яворский болса, ресейлік актер Павел Прилучныйдың үстінен арыз жазғанын мәлімдеді. Оның мұндай әрекетке баруына Прилучныйдың Instagram желісіндегі соңғы жазбасы себеп болған.

"Мен осы жазбаға қатысты сараптама жүргізуді талап етемін. Сондай-ақ оның айтқандарын теріске шығаруды, өзінің қателескенін мойындауын талап етемін. Біздің қаламыз Шымкентті бұлай жаман атты етуге болмайды", – деді заңгер.

Заңгер арызын Мәскеу қаласының прокурорына жолдап үлгерген, алайда актердің қазір нақты қайда екенін біле алмаған.

"Біз онымен хабарласуға тырыстық, бірақ оның нақты қайда екенін біле алмадық", – деді Евгений Яворский.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр