Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауық кешінде ауқатты еркекті өзіңе қарату үшін не істеу керек? Миллионердің жұбайы құпиясын бөлісті

Миллионердің жұбайы әрі швед блогері Анна Бэй қыздарға сауық кештерінде қалталы ер адамдардың назарын қалай аудару керегін түсіндірді.

Сауық кешінде қалталы еркекті өзіңе қарату үшін не істеу керек? Миллионердің жұбайы құпиясымен бөлісті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

33 жастағы Бэйдің сөзінше, бірінші кезекте, сауық кешіне дейін ауқаттанып алу керек. Егер қыз аш болса, айналасындағылармен араласудың орнына, тамақ туралы ойлайтын болады.

«Аш қыздың әрекеттері нәзік болып көрінбейді», - дейді ол.

Сонымен қатар блогер ешқашан тамақты тауысып жемеуге кеңес берді. 

Екіншіден, сауық кешінде көп дегенде бір бокал ішімдік қана ішуге болады. Бэй ішімдіктің екінші бокалын ішкеннен кейін, кейбір қыздардың тіліне ие бола алмай, болашақ күйеуіне артық сөз айтып қоюы мүмкін екенін ескертеді. 

Үшіншіден, сауық кешінің соңына дейін қалмауға тырысу керек.

«Мейрам шарықтау шегіне жеткенде кетудің қажеті жоқ. Алайда сауық кешінің көңілсіз болып бара жатқанын байқасаңыз, бірден қайтыңыз», - дейді блогер. 

Сонымен қатар кез-келген даудан аулақ болу қажет.

«Сауық кешін көңіл-күйі жоқтар үшін емес, көңіл көтергісі келген адамдар үшін ұйымдастырады. Әлдекімдер ұрыс шығарған күннің өзінде, салқынқандылық танытып, олардан мәселені басқа уақытта шешуін сұраңыз», - дейді Бэй. 

Сондай-ақ ол сауық кеші иесінің шақыруына жылдам жауап беріп, оған сыйлық ала барып, кешке келген бойда бірден онымен амандасуға кеңес берді. 

Талқылау