Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева тик-ток билеп, көпшілікті қайран қалдырды (видео)

Әнші, актриса Салтанат Бақаева бойындағы тағы бір өнерін көрсетті. Бақаева желіде трендке айналған тик-ток биін билеп, желідегі оқырмандарының көңілін көтерді. 

"Арнау" тобының әншісі, актриса Салтанат Бақаева бишілік қырымен елді қызықтырды.

Әсіресе, замануи тик-ток биі әншіге жараса кетті. Әнші өзі ғана емес, ара-тұра жолдасы Нұржанмен бірге видео түсіріп жариялайды.

Жақында жолдасы екеуі жаңа эстафета жасап, достарына жолдады. 

"Қайырлы таң Достар!! Карантин уақытында осы эстафетаны баршаңызға жолдаймыз!!!! Дәл біз істегендей істеп, бізді белгілеп қойыңыздар. Ең мыңты істеген жұпқа біз сыйлық сыйлаймыз", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің бұл қырын ерсі деп жатыр. Алайда еш сөкеттігі жоқ деп ақтап жатқандар да жетеді. 

 

"Ерсі әрекеттерін көбейіп кетті, өзіне түк жараспайды. Түк те ренжімеші. Жасөспірімдердің биі ғой", "Көңіл-көтеріледі. Би адамның жасына байланысты ма?  Әркім өзі біледі", "Түймедейден түйедей нәрсе көрмеңдерші осы", "Қазақтар-ақ бәрін тәрбие, жас деп бөліп отырады екен. Басқа ұлттарға бәрі жарасып-ақ тұрады", - деп жазды желідегілер.  


Оқи отырыңыз

Қыз ұзатудың құны қанша: Отандық жұлдыздар 3 млн теңгеге қызыңызға ақ жол "тілеуге" дайын

Қазақстандық жұлдыздар "Ғашықтар күнін" қалай қарсы алды (видео)


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр