Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиінің жынысы өзгерген: Алматы тұрғыны баласының жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінді

Алматы тұрғыны сәбиінің құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатқан екен. Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп. 

анасы

Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді. Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты.

Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты.

Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған. Алайда уақыт өте келе сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат сәбилерін ең болмаса құжатта "қыз" деп көрсеткісі келеді.  

"Қыз тапқаныма сенімдімін. Даусы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жеделжәрдем шақыртсақ, "куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда" деп сұрайды. Осы түсінбеушіліктің кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз", - дейді Кристина Бобенко. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр