AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің ЖОО дипломдары көптеген елде жарамсыз деп танылуда

Әлем елдері ресейлік жоғарғы оқу орындарының дипломдарын жарамсыз деп табуда. Мұндай ақпарат Украина Радасының Telegram-каналында 13 наурызда пайда болған. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Енді көрші елде оқыған қазақстандықтар тек ТМД елдерінде жұмыс істей ала ма? AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бизнес мектептерді дамыту қауымдастығы бастаған әлемнің ең абыройлы үш ұйымы Ресейлік оқу орындарын аккредиттеуден алып тастау туралы шешім қабылдағаны шындық. Алайда оның ішіне барлық мамандықтар кірмейді. Нақты қандай мамандықтар кіретіні де әзірге белгісіз. Ал Қазақстан "Болашақ" бағдарламасына ресейлік білім ордаларын қосуда.

Енді Ресейде білім алған қазақстандықтар тек ТМД-да жұмыс істей ала ма? Бұл сұраққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов екіұшты жауап берді. 

"Егер талапкер қандай да бір мемлекеттің университетін таңдайтын болса, ол қай елде жұмыс істейтінін алдын ала біледі. Егер ол басқа мемлекетте жұмыс істесе, тиісінше басқа шешім қабылдауы керек. Ал егер Қазақстанда не Ресейде жұмыс істеймін десе, жаңағы дипломдары жарамды болып қала береді", – деді Асхат Аймағамбетов.



Ал Кембриджді бітіріп, елімізде жеке меншік мектеп ашқан Нұрмұхаммед Досыбаев “бұл әріптестік – үлкен бизнес” дейді. 

"Университеттің ашылуы миллиардтаған ақшаны қажет ететін жоба. Ресейлік университеттер филиалдарын өз ақшасына ашамыз деп жатса, келсін, нарықта өздерін көрсетсін. Біздің мемлекеттің бюджетінен ресейлік университеттердің филиалдарын ашылуына бір тиын болса да жұмсалғанын қаламас едім", – деді PROBILIM ANALYTICS орталығының сарапшысы Нұрмұхаммед Досыбаев.

Айта кететін жайт, елімізде өзге ел университеттерінің филиалдары ашылса, ол белгілі бір деңгейге бюджетке ақша түсіреді. Сондай-ақ талапкерге таласқан білім ордалары оқу ақысын төмендетуі мүмкін деген болжам бар. 

Айта кетейік, 2021-2022 жылғы оқу жылында еліміздегі 122 оқу орнында 575 мың студент білім алуда. Өкініштісі, оқуын аяқтай алмай шығып кеткен студенттер саны екінші жыл қатарынан 100 мыңнан асып отыр. 


 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр