Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің екі қаласынан Оралға жүретін автобус қатынасы қалпына келтірілді

28 қыркүйекте тоқтатылған Оралдан Самара мен Толяттиге автобус қатынасы 1 қазанда қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап. 

Самара облысында "Маштаково" шекар заставасында кезекте тұрған белгісіз біреулер қарапайым автобусты аударып жіберіп, жүргізушіге қауіп төндірген. 

“Ертең Самара мен Тольяттиден Оралға бір автобус рейсі ашылады. Біз де өз кезегімізде әзірге Самара мен Тольяттиге бір ғана рейс ашамыз. Әрі қарай уақыт көрсетеді”, – деді Талғат Бисекенов.

Автовокзал басшысы қазір шекара жолындағы дүрбелеңге байланысты жолаушыларға қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын.

Еске салсақ, 29 қыркүйекте Самара мен Тольятти бағытында Оралға қатынайтын автобустар тоқтатылған болатын. 


Талқылау