Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жол көлік апатына түскен қазақстандықтар автобуста тұрып жатыр (фото)

8 қараша күні Ресейдің Новосибирск қаласына жол тартқан үш қазақстандық жүргізуші жол көлік апатына түскен болатын. Бүгінде үш отандасымыз күздің суығында автобуста түнеуге мәжбүр болып отыр.

Бұл туралы YK-news.kz басылымы жазды.

Аталған оқыс оқиға туралы айтып, алғаш дабыл қаққан Барнауыл қаласының тұрғындары болды.

“Біз өтіп бара жатып ауыр жол көлік апатына түскен автобусты көріп қалдық. Бастапқыда ішінде ешкім жоқ сияқты көрінді. Артынша автобуста адамдар барын байқадық. Олар сол жерде бес тәуліктен бері түнеп жатыр екен. Бұл үш ер адам – жүргізушілер. Өздерінің Өскемен қаласының тумалары екенін айтты”, – дейді Алтай аймағының тұрғыны Анна.

Бойжеткеннің айтуынша, ер адамдардың тамағы мен ішетін сулары таусылған.

“Бүгін таңертең азық-түлік пен гигиеналық заттар табыстадық. Жүргізушілердің бірі жол көлік оқиғасы кезінде аяғын зақымдап алған екен. Қысқасы ешкімге медициналық көмек қажет емес. Бірақ, психологиялық тұрғыдан қатты қиналғандары байқалады”, – дейді Анна.

Ресейдегі Алтай аймағы ІІД-ның хабарлауынша, 8 қараша күні болған жол көлік оқиғасына қатысты іс әлі прокуратурада қаралып жатыр.

“Автобустың жол жиегінде тұрғаны рас. Оған жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Аталған іске қатысты сот өкімі шыққанға дейін жүргізуші мен екі жолаушы аталған автобус ішінде тұрып жатыр. Жүргізушілер бір нәтижеге жетпейінше автбустан шығудан бас тартып отыр”, – делінген баспасөз хабарламасында.


Жіберіп алмаңыз:

Дәрігерлер басына 2 оқ қадалған көкшетаулықты аман алып қалды (фото)

Оралда саунаның төбесіне шығып ойран салған қызды арқанмен байлап түсірді

Қостанай облысында 20 келі көмір ұрлаған әйелді соттады

Елбасының Өзбекстан мен Қырғызстанның бұрынғы президентімен боулинг ойнаған сәті жарияланды (видео)

Талқылау