Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей шекарасына өте алатын қазақстандықтар белгілі болды

Ресей шекарасына өте алатын қазақстандықтар белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта елдер арасындағы шекарада шектеулер сақталуда, деп түсіндірді елшілік.

Құрлық шекарасы арқылы өтуге рұқсат берілетіндер санатына Ресейде тұруға рұқсаты бар, ресейде ата-аналары, балалары мен жұбайы бар адамдар жатады. Олар шекарадан өту кезінде жағдайларын растайтын құжат ұсынуы керек. 

Оған қоса, Ресей клиникасынан шақыртуы бар, емделуге бара жатқан қазақстандықтар, қоныстандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар, жандарында тиісті куәлігі болатын болса, шекарадан өтуге рұқсат етіледі.

Елшілік бұл шаралардың барлығы уақытша шектеу екенін, алдағы уақытта тыйым салынбайтынын айтты. Бұл шектеулер эпидемиологиялық жағдаймен тікелей байланысты. 



Басқа санаттағы азаматтар үшін Ресей шекарасына кіру тек әуе жолы арқылы ғана жүзеге асады.  21 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты жолаушылар әуе қатынасы қалпына келтірілді. 

Ресейге кіру үшін сізде коронавирустың теріс нәтиже көрсеткен ПТР сынағынан өту туралы, рейстің ұшуынан кем дегенде 72 сағат бұрын алған құжатыңыз болуы керек. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 29 Қыркүйек, 2020 10:50
Талқылау