"Реал Мадрид" клубының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қайрат” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарын 18 қыркүйекте бастайды. Алғашқы матч “Спортингке” қарсы болмақ.
Ал 30 қыркүйекте “Реал Мадридке” қарсы ойын өткізеді. Бұған дейін “Қайраттың” жаттықтырушысы Рафаэль Оразбахтин ойынды Астанада өткізу туралы мәселенің қаралып жатпағанын айтқан еді.
5 қарашада “Қайрат” клубы “Интер Миланмен” ойын өткізеді. Ең соңғы ойын 28 қаңтарда “Арсеналға” қарсы болмақ.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

