Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халқымыздың біртуар перзенті": Президент Әлихан Бөкейханов туралы сөз қозғады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында қоғам қайраткері, "Алаш" қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін – тарихи тұлға Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл. Ол – халқымыздың біртуар перзенті, Алаш қозғалысының негізін қалаушы. ХХ ғасыр басында Әлихан бастаған қазақ зиялылары ұлттық мүдде жолында аянбай еңбек етіп, мемлекетшілдіктің озық үлгісін көрсетті", - деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы мерейтойларға ерекше көңіл бөлуді тапсырған еді. Олардың арасында Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдығы да болды.



Әлихан Бөкейханов - қоғам және мемлекет қайраткері, "Алаш" ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және Көшбасшысы, Тұңғыш Қазақ ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, публицист. Ол өмірін қазақ халқының бостандығы мен саяси тәуелсіздігі үшін күреске арнады.

Талқылау