Премьер-министр Павлодардағы өрттен кейін еліміздің барлық мектептерін тексеруді тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайылов Павлодар мектебіндегі өрттен кейін, Қазақстанның барлық оқу орындарын өрт қауіпсіздігіне тексеруді тапсырды. Тиісті тапсырма білім және ғылым минситрлігіне жүктелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен
"Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерсін. Сигнализацияның, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің, өрт кезіндегі апаттық шығулардың жұмысқа жарамдылығы тексерілсін", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер-министрдің айтуынша, балалардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Одан бөлек, балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алу әкімдіктер мен төтенше жағдай министрлігіне тапсырылды.
Айта кетейік, бұған дейін №28 мектептің 200 шаршы метр аумағы өртеніп кеткені туралы хабарлаған едік. Мектептен 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды. Бір апта бойы онлайн оқыған оқушылар бүгіннен бастап қайта оффлайн форматқа көшті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
