Ақбұлақта бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сот 54 жастағы Дужновты екі полицей мен сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгердің өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.
"Дужновқа қауіпсіз мекемеде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деп судья Еркин Майшинов үкім шығарды.
Айта кетейік, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Игорь Дужнов Ақбұлақ ықшам ауданындағы үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген еді. Қаза тапқандар арасында екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен куәгер болған.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды