Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Петропавлда мемлекеттік қызметші ТЖ режимі кезінде блок-бекеттерден өтуге арналған рұқсат қағаздарды сатқан

Петропавлда сот бұрынғы шенеунікке үкім шығарды, ол төтенше жағдай режимі кезінде блок-бекеттерден өтуге арналған рұқсатнамаларды сатумен айналысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" арнасына сілтеме жасап.

сату

Сол кезде қалалық әкімдіктің қызметкері жедел штаб құрамында болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, ол таксисттерге кедергісіз жүріп-тұруға рұқсатнаманы алуды ұсынған, ал қызметін 50 мың теңгеге бағалаған.

Төлемнің бір бөлігін алғаннан кейін сотталушы соманың қалғанын алуы керек еді, бірақ қылмысы әшкере болып, ұсталды.

Ол өз кінәсін толық мойындады, енді оған 3 млн теңге айыппұл төлеуге тура келеді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Маусым, 2020 11:31
Талқылау