Петропавлда хайп қуған жігіт көліктің терезесін шағып тастады
Петропавлда хайп жасамақшы болып, бейтаныс адамның көлігінің терезесін сындырып тастаған пракнкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Желілерде қала базарларының бірінде “Chevrolet TrailBlazer” автокөлігінің алдыңғы әйнегін сындырып жатқан жас жігіттің фотосы пайда болған. 20 жастағы қала тұрғыны хайп жасамақшы болып, көліктің терезесін шағып тастаған.
Қазіргі таңда кінәлі азаматтың үстіне әкімшілік іс қозғалған.
"Ұсақ бұзақылық фактісі ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 2-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік материал жиналды. Бұл бап санкциясында 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айыру көзделген", -деді Петропавл қалалық полиция басқармасының басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин..
Кінәлі азамат 15 күнге қамалыпты.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған