Басты жаңалықтар
Павлодарда қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды
Павлодар облысы Тереңкөл ауылында құтқарушылар кір жуғыш машинадан кептеліп қалған бес жасар қыз баланы алып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖД мәліметінше, бүгін таңғы сағат 11-ден кейін Павлодар облысы Тереңкөл ауылындағы өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына баланы кір жуғыш машинадан шығарып алу үшін арнайы құрал-жабдығымен үш қызметкер келген.
"Кір жуғыш машина жартылай автомат. Бала барабаннан ойыншық алғысы келіп, ішіне кіріп, тізерлеп отырған. Кейін өздігінен шыға алмай қалған", – деп хабардар етті Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
Құтқарушылар қыз баланы алып шығу үшін кір жуғыш машинаны ашқан. Ал бүлдіршін зардап шекпеген. ТЖД өкілдері баланың ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізгенін, оқиға кезінде қыздың анасының үйде болғанын атап өтті.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған