Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда қыздарын трамвай басып кеткен ана ауыр халде жатқан балаға көмектесті

Қыздары трамвайдың астында қалған павлодарлық Шынар Уәлитова «халықтың жинап берген» көмегінің бір бөлігін шұғыл ота қажет еткен балаға аударып берді.

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Бір жас төрт айдағы Әлижан алты саусағымен және құлақ жарғағысыз дүниеге келіп, өмірінің алғашқы күні бірден ота жасау бөліміне жатқан. Осы күнге дейін оған өңеш атрезиясы мен шап жарығына ірі ота жасалған. Ұл баланың сырқатының тізімі едәуір үлкен. Солардың ішінде сыртқы дыбыс өту жолының екі жақты атрезиясы, көру жүйке жүйесінің атрезиясы, ІІ және ІІІ деңгейлі миеротия, екі жақ буынның полидактилиясы да бар. Әлижан бір жылға жуық уақытты ауруханада өткізген. «Павлодар мейірімділер клубы» оған Мәскеуде ем алу үшін 2,5 миллион теңге жинап берген болатын.

“Құлақсыз және алты саусағы бар баланы көргенде күйеуім не оны, не баланы таңдау керектігін айтты. Мен ұлымды таңдадым”, – дейді Алмагүл Шұғайыпова. Бұл отбасы Шынар Уәлитова көмек қолын созған бірінші отбасы болды. Шынар Әлижанның еміне 400 мың теңге берді.

“Мен қатты таң қалдым. Қызын жуырда жерлеген әйелдің осындай қадамға барғанына әлі сене алар емеспін. Сіз өте батыл адамсыз. Алла сізге денсаулық пен сабыр берсін”, – жылап жіберді ұлдың анасы Алмагүл.

Айта кетейік, осы күні қайтыс болған Махаббаттың анасы тағы бір 400 мың теңгені Костя есімді ұлы сал ауруына шалдыққан Ольга Теренинаға табыстады.

“Өкінішке орай, ұлым әлі де өз басын ұстай алмайды. 21-қазан күні біз төртінші рет Новосібірге ем алуға барамыз. Шынардың бізге жасаған көмегі ауадай қажет еді. Костяға әлі де 900 мың теңгедей ақша керек. Ол үшін 15-қазан күні сағат 15:00-де «Достық» концерт залында мерекелік шара өтеді”, – дейді Ольга.

Еске салайық, Шынар Уәлитованың отбасында қаралы оқиға 7-қыркүйек күні таңертең орын алды. Оның екі қызы он жастағы Махаббат пен сегіз жастағы Маралды мектепке барар жолда трамвай басып кеткен. Салдарынан үлкен қыз қайтыс болып, екішісі жансақтау бөліміне жеткізілді. Екі қыз бен Батырхандай нәрестені Шынар жалғыз тәрбиелейді, жұбайы біраз уақыт бұрын дүние салған, жалдамалы пәтерде тұрады. Осыны естіген әртүрлі жастағы павлодарлықтар зардап шеккен отбасыға көмек жинай бастады.

«Павлодар мейірімділер тобы» негіз болып, алты миллионнан аса қаржы жиналды. Сонымен қатар, білім жүйесінің өкілдері бір күндік жалақыларын аударып, 11 миллион теңге түсті.

Еріктілер Шынарға Екібастұз қаласынан құны 8,5 млн теңге тұратын баспана сатып алды. Осы аптада еріктілер Екібастұзға барып, сол үйге жөндеу жұмыстарын жасап береді және қажетті жиһаздарды сатып алып бермек. Жиналған ақшаның қалған бөлігі Марал мен Батырханның есепшотына аударылды. Олар оны кәмелеттік жасқа толғаннан кейін пайдалана алады. Еріктілер көмек жинауды тоқтатқан болатын. Дегенмен Шынар ота жасауды қажет ететін тағы үш балаға көмектесуге ниетті.

Оқи отырыңыз:

Астаналық бойжеткен шетелдік жігіттермен көңіл қосудың ерекшелігін айтты

Рудныйда зейнеткерді өлтіріп, тонап кетпек болған 19 жастағы үй күтушісі сотталды

Оралда пара алған қос полиция қызметкері сотталды

Ақтаулық ата-аналар мектептегі қазақ тілі пәнінен бас тартпақ

Талқылау