Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда ерлі-зайыпты зейнеткерлер ұрлық жасап, 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген

Павлодарда зейнеткерлер күндізгі уақытта ұрлыққа барып, 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Павлодар облыстық полиция департаменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Еерлі-зайыпты зейнеткерлер 28 жастағы қала тұрғынының үйінен құрылысқа арналған тақтайшаларды ұрлап кеткен. Екеуі 100 мың теңгеге шығын келтіріпті. Қолға түскен зейнеткерлер өз әрекеттерін ешнәрсемен ақтай алмады. 

Павлодар тұрғыны шағымданбай тұрып, бір күн бұрын салонда жұмыс істейтін әйел "әріптесінің" әмиянды ұрлап кеткенін айтып, полицияға келген еді. Салон қызметкерінің сөзінше, 28 жастағы әйел еш қысылмастан сөмкеден 6000 теңге мен "Мейзу" ұялы телефонын ұрлап алып, 40 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Полиция қызметкерлерінің қолынан түскен әйел өз кінәсін толығымен мойындады. Екі факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кетті. Жыл басынан бері Павлодар облысында 2532 ұрлық фактісі тіркелген. 
 

Талқылау