Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 миллион доллардың турнирі: 26 сәуірде 1XBET QFL лига кубогының жеребесі тартылады

Отандық футбол жанкүйерлерін үлкен оқиға күтіп тұр. 25 мамыр күні еліміздегі 16 мықты футбол клубтың қатысуымен өтетін жаңа турнир - 1ХВЕТ QFL Лига Кубогы басталады. Басты кубок үшін "Ақжайық", "Ақтөбе", "Астана", "Атырау", "Елімай", "Жеңіс", "Жетісу", "Қайрат", "Қайсар", "Каспий", "Қызылжар", "Ордабасы", "Тараз", "Тобыл", "Тұран" және "Шахтер" клубтары таласатын болады. 

Турнирдің бас демеушісі ретінде 1XBET компаниясы танылды. Соның арқасында қатысушылар 1 миллион долларды сарапқа салады. Айта кетейік, отандық футболда бұрын соңды ірі көлемдегі жүлде қоры болған емес. 1XBET рекордтық сыйақы турнирге ерекше рөл беріп, қатысушы командаларға қосымша мотивация болады деп сенеді. 

"Лига Кубогы отандық футбол күнтізбесіндегі ерекше оқиға екендігіне сенімдімін. Бұл тек команда мен ойыншыларға жеңіске деген құштарлығы үшін қосымша мүмкіндіктер берумен қатар, жанкүйерлер арасында да футболдың танымал болуына әсер етеді. Жарыс көрермендерді қуантып, оның санының артуына ықпал етеді. Өйткені жанкүйерлер спорт пен тартысты бәсекелерді ұнатады. Біз жаңа кубоктың 1ХВЕТ QFL Лига Кубогы деп аталуы мен бас демеушісі болғанына өте қуаныштымыз. Бұл бәріміз үшін тартысты оқиға. Мен барлық футбол сүйер қауым қуанышты болатынына сенімдімін!" - деп 1XBET компаниясының маркетинг бойынша басшысының орынбасары Санжар Тоқтасын өз әсерімен бөлісті. 

1ХВЕТ QFL Лига Кубогының қатысушылары төрт клубтан төрт топқа бөлінеді. Әр команда өзара бір матчтан ойнап, бірінші орын алған ұжым қос кездесуден тұратын жартылай финалға жолдама алады. Ары қарай жартылай финалдың жеңімпаздары 24 қараша күні маусымның соңғы ойынында чемпионды анықтайды. 

Турнир аясында жанкүйерлер 29 тартысты матчқа куә болады. Жеребе тарту рәсімін 26 сәуір күні сағат 15:10-да тікелей эфирде "Астана" мен Q Football телеарналары және QFL TV YouTube арнасы көрсетеді. Сондай-ақ, жеңімпаз турнирдің барлық кезеңде жеңіске жетсе 134 миллион теңгеге дейін иемденеді, өйткені жүлде қоры былай бөлінеді: 

  • 90 миллион теңге – кубок иегері;
  • 50 миллион теңге - 2-орын иегері;
  • 11 миллион теңге – финалға шығу;
  • 10 миллион теңге – жартылай финалға шығу;
  • 5 миллион теңге – топтық кезеңдегі ойында жеңіс;
  • 2,5 миллион теңге – топтық кезеңдегі ойында тең нәтиже;
  • 8 миллион теңге - турнирге қатысушы. 

Топтық кезеңнің мачтары 25-26 мамыр (1 тур), 6-7 шілде (2 тур) және 20-21 шілде (3 тур) өтеді. Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазан, ал финал 24 қарашаға жоспарланған. 1ХВЕТ QFL Лига Кубогының ойындарын тікелей эфирде Q Football, Q Arena, Q League, Qazsport телеарналары мен QFL.KZ сайты көрсетеді.

Талқылау