Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар облысының әкімі: Жұмысқа тұру үшін ақша беру керек дегенді ұмытыңдар

Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов жастар бастамаларын дамыту орталығында өңір жастарымен кездесті.

1468209765_novosti

Кездесуге келген қала тұрғыны Дмитрий Байдахметов аймақ басшысына жұмысқа тұрудың қиындығы туралы айтып, шағымданды. Ол төртінші санаттағы газбен дәнекерлеуші болғанына қарамастан, тұрақты жұмысқа орналаса алмай жүр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

“Зауытта жұмыс істейтін таныстарымның айтуынша, онда орналасу үшін пара беру керек. Қазір мен бірде таксист, бірде жүргізуші болып жұмыс істеп жүрмін. Маған өз мамандығым бойынша жұмыс тауып беруіңізді сұраймын”, – дейді ол.

Болат Бақауов Дмитрий Байдахметовке көмектесу туралы тапсырма беріп, аймағымызда мұндай мамандық иелерінің тапшы екендігін алға тартты.

“Біз жастардың санасынан жұмысқа тұру үшін міндетті түрде біреуге төлеу керек деген ойды өшіруіміз қажет. Сонымен қатар, облыста кадр тапшылығы сезіледі. Біз жастарға мемлекеттік қызмет саласында да, кәсіпорындарда да жұмыс беруіміз керек. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары жұмыссыз жүрген жастардың тізімін жасап, олардың қандай жұмысты атқара алатыны туралы білуі қажет. Олармен үнемі кездесіп, жұмыспен қамтылуы туралы анықтап отыру керек. Қалалар мен аудандардың әкімдері өздері басқарып отырған әкімшілік аумақтағы жұмыссыз тұрғындардың нақты санын анықтап, олардың жұмысқа тұруына жағдай жасауы тиіс”, – деді Болат Бақауов.

Кездесуге келген облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев облыстық полицияда бос тұрған жұмыс орындары бар екендігін айтып, жастарды полиция қатарына жұмысқа тұруға шақырды.

Жіберіп алмаңыз:

Желіде жалғызбасты қыздарға тегін эротикалық массаж жасау жөнінде хабарландыру тарады

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

STAN.KZ
Сейсенбі, 14 Ақпан, 2017 17:55
Талқылау