Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Сейсенбі, 14 Ақпан , 2017 17:11

Тәжікстанда анасын тірідей көмген Хатлон облысының тұрғынын 25 жылға соттады. Судья Назирбек Азизи 24 жастағы Тагоймурод Миров былтыр қыркүйек айында отбасылық жанжал кезінде анасын күрекпен ұрып, кейін үйінің ауласына тірідей көмгенін айтты.

ACEBFCEA-4500-4591-87F0-B6FD9B6D4484_cx0_cy0_cw88_w1023_r1_s

Сот шешіміне сәйкес, Тагоймурод Миров Қылмыстық кодекстің 104-бабы (аса қатыгездікпен адам өлтіру) бойынша айыпты деп танылған. Ол барлық кінәсін мойындаған. Судьяның сөзінше, сотталушы анасынан алтын бұйымдарын сұраған. Қарсы болған анасын күрекпен ұрған, деп жазады Дала мен қала газеті.

Қатыгез оқиға жөнінде құқық қорғау органдары БАҚ-қа хабарлаған. 53 жастағы Қайнар қышлағының тұрғыны Садафмо Нуровойдың денесі бір метр тереңдіктегі шұңқырдан табылған. Әйелдің қол-аяғы, аузы байланған.

Көршілер Садафмоның жоғалып кеткенін байқаған. Тагоймурод көршілердің сұрақтарына із-түссіз жоғалып кетті деп жауап берген. Кейін көршілер милицияға хабар берген. Сотталушының туыстары сот үкімімен келіседі.

Сарапшылар Тәжікстанда жақын туыстарын өлтіру әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауынан туындап отыр, адамгершілік құндылықтары төмендеп бара жатыр дейді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Бай араб туристері аң-құсты аяусыз қырып жергілікті халықты шошытты (фото, видео)

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Дүкенге келген бала басына қоршау құлап қайтыс болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар