Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Шотландия елінің тумасы Тресса Миддлтон 12 жасында туған ағасынан жүкті болып қалған. Қазір бойжеткен 23-те. Ол ақ босаға аттап, жаңа өмір бастағалы отыр. Өзінің өткен өмірі туралы шындықты ол күйеу жігітіне жуырда ғана айтқан екен. Мұнымен қатар, ол перзентіне арнап “12 жасар ана” атты кітап жазған.

3D2E112500000578-4221654-image-a-20_1487032725944

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Британиялық ең жас ана алғашқы перзентін 12 жасында босанды. Осы кезде оны туған ағасы зорлаған болатын. Ол бұл қайғылы оқиғаны көп уақыт бойы жасырып келді. Ал ерте босанған баласын басқа адамдардың атына жаздыруға мәжбүр болды. 23 жастағы бойжеткен енді жаңа өмір бастағалы отыр. Ол 30 жастағы күйеу жігіті Даррен Янгтен аяғы ауыр. “Мен осы жолы барлығының дұрыс болғанын қалаймын. Әрине, 12 жасымда туған қызымның тағдыры алаңдатады. Қолымнан келгеннің барлығын жасаймын. Бұл жолы шалыс баспаймын. Перзентімнің болашағына балта шабатындай әрекетке бармаймын”, – дейді Тресса.

Мидллтон ханым әр алты ай сайын 11 жасар қызынан хат алып отырған. Алайда соңғы 18 айда олардың қарым-қатынасы үзілген. Есесіне бойжеткен соңғы 7 жыл бойы тағы да бір бала тууға әрекет жасап жүр. Бірақ ол бірінші қызын өзіне қайтарып алудан бас тартқан. Себебі, оның қасында болсам, шындықты айтуға мәжбүр боламын деп қорқады. Бойжеткеннің анасы кезінде ішімдікке салынып, анаша тұтынған екен. Ал ағасы оны зорлаған кезде 16 жаста болған.

3D30504300000578-4221654-image-m-7_1487055695546

“Менің анамның үйі болмады. Жыл сайын туған күнімді сыртта тойлайтынмын. Бір рет туыстарыммен туған күнімді McDonald’s мейрамханасында атап өттік. Сол жерде ағам Джейсонды алғаш рет көрдім. Оның жасы менен үлкен болатын. Өзін бақылай алатын азамат секілді көрінді. Осы оқиғадан кейін бір жыл өткен соң, Эдинбург қаласына оралдым. Анам ағам Джейсонды бізбен бірге тұруға шақырды. Ол жаңа үйімізге келіп жүрді. 9 жасымда мен жиырма жастағы бойжеткенге ұқсадым. Оның үстіне жасы үлкен қыз-жігіттермен дос болдым. Осылай жүргенімде ағам зорлап кетті. Бірден аяғым ауыр болып қалды. Мен оған қатты сенген едім. Ол күнде бірге ойнап жүрген жерге барып зорлады.

Бастапқыда жүкті болып қалдым деп ойламадым. Досым жүктілік тестін алып көруге кеңес берді. 12 жасымда түсік тастаудың не екенін де білмедім. Артынша бұл оқиғаны досым әпкеме айтып қойған-ды. Ол өз кезегінде ешкімге тіс жармауыма кеңес берді. Бір күні қатты мас болып анамның үйінде отырдым. Ағам үйге кіріп келіп, “Сені жақсы көремін” деді. Оған “Мен де” деп жауап бердім. Ол “Мен қалжыңсыз айтып тұрмын. Сені болашақ жарым ретінде сүйемін. Бірге болғым келеді” деді. Мен ағасы мен қарындасының арасында мұндай қарым-қатынастың болуы мүмкін емес екенін түсіндірдім. Яғни ол өзінің баламның әкесі екенін біліп жүрді”, – дейді бойжеткен.

28AA13DB00000578-3081457-Miss_Middleton_said_I_know_it_s_going_to_be_hard_for_her_when_sh-m-16_1431607887676

2009 жылы құқық қорғау органдары жасөспірімнің басынан өткен қайғылы оқиға туралы біліп қояды. ДНҚ сараптамалары жасалып, артынша Джейсон 4 жылға бас-бостандығынан айырылады. Бүгінде Миддлтон ханым шындықты дер кезінде айтып отыруға кеңес беріп жатыр. “Қандай жағдай болса да, үлкендерден кеңес сұрап отырыңыздар. Сол кезде сүйенішімнің болмағаны үшін қатты қынжыламын. Мен отбасымның дәл осылай өмір сүргенін қаламадым. Энни қызым мені кешіреді деген ойдамын”, – дейді ол. Бойжеткен “12 жасар ана” атты кітап жазған. Оны тұңғыш перзенті Энниге арнаған екен.


Оқи отырыңыз:

Орыс қызы төбе құйқаңды шымырлатар фотосессия жасап шошытты (фото)

Күнде қансырайтын баланың енді жыныс мүшесінен қан ағып жатыр (фото)

Әйел күйеуінің көңілдесін тыр жалаңаш күйінде көшеге шығарды (фото)

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Талқылау