Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шашты отпен қысқартатын шаштараз елдің таңданысын тудырды (видео)

Газа аймағындағы босқындар лагерінде шаштараз болып қызмет атқаратын Рамадан Эдван есімді палестиналық азамат өзінің тың тәсілдерімен жұртты таңғалдыруда.

xlarge (2)

Шаш қысқартуға арнайы машиканы емес, кәдімгі отты пайдаланатын оның қызықты қызметі ғаламтор қолданушыларының да таңданысын тудырды.

Ол алдымен адам басына тез тұтанатын арнайы сұйықтық жағып, лаулаған жалынмен бірге шаш үлгісін жасауға кіріседі. «Шаш алу тарихында отты қолдану бұл жерде алғашқы рет емес. Біз бұған дейін де отты құлақ және мұрын ішіндегі түктерді қысқартуға пайдаланатынбыз. Бұл – өте ыңғайлы әдіс. Сол үшін жиі қолдана бастадық. Бұған қоса, бұл әдіс қан айналымын жақсартатындықтан, адам денсаулығына да пайдалы», – дейді Эдван.

Жіберіп алмаңыз:

Жомарт жан әр түн сайын 1000-ға жуық адамды тегін тамақтандырады

Қытайдағы қолдан істелетін жасанды тауық жұмыртқасы қазақстандықтарды шошытты (видео)

Қытайлық бастық қызметкерлеріне ақшадан шашу шашты (фото, видео)

Әлемдегі ең ескі телефон иесі 17 жылдан бері Nokia-ны қолданып жүр (фото)

Талқылау