Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жомарт жан әр түн сайын 1000-ға жуық адамды тегін тамақтандырады

Стамбул қаласында тұратын Махмут Караман есімді ұстаз әр түн сайын көшеге шығып, 1000-ға жуық үйсіз жандарды тамақтандырып келеді.

xlarge

Қайырымдылыққа құштар жан бұл үшін, тіпті, арнайы автобус сатып алып, жылжымалы асхана жасап алған екен. Осы арқылы ол әр түн сайын 1000-ға жанға тегін тамақтан таратады.

«Стамбулда кем дегенде 5000 жанның күнделікті ас-суға ақшасы болмайды. 10 000-нан астам сириялық босқын көшеде түнеуге мәжбүр. Оларға шамам келгенше көмек беруге тырысамын, бірақ кейде қолымнан келмей жатады», – дейді ол.

Университетте әлеуметтану пәнінен дәріс беретін Махмут Караманның бұл қайырымды іспен айналыса бастағанына біршама уақыт болған екен. Осы уақыт ішінде оған жұбайы да септесіп, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды жинаумен айналысқан. Жиналған заттарды таратып, ара-тұра сириялық отбасыларға жалдамалы арзан пәтерлер тауып беруге көмектескен.

Muslim.kz

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жас жұбайлар той серуенінің орнына 300 табақ палауды тегін таратты

Қарапайым өзбек жігіттің жомарттығы желі қолданушыларын тебірентті

Мамандар ұялшақ адамдардың мейірімді әрі жомарт болатынын айтады

Талқылау