Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар ұялшақ адамдардың мейірімді әрі жомарт болатынын айтады

Мамандар арнайы зерттеу жүргізіп, адамдарың ұялшақтық қасиетін анықтап көрді. Зерттеу нәтижесінде ұялшақ адамдардың мейірімді әрі жомарт болатыны анықталды.

preview-650x341-98-1466509837

Сурет: www.adme.ru 

Психология докторы Мэтью Фейнбергтің айтуынша, ұялшақтық қасиет адамға жеке кәсіпте де, жеке өмірінде де септігін тигізеді.

Зерттеу бірнеше этаптардан тұрады. Алдымен ерікті қатысушылар өмірінде болған ыңғайсыз жағдайларды есіне алып айтып берген. Олардың барлық айтқандары видеоға жазылып, кейіннен олардың әрекеті, ым-ишараты арқылы ұялшақтығы тексерілген. Осыдан кейін оларға лоторея билеттері беріліп, оның жартысын өзіне қалдырып, жартысын тарату ұсынылған. Сонда ұялшақ деп танылған адамдар билеттердің көбін таратып жіберген. Осылайша олардың жомарт екендері анықталған.

Тағы бір зерттеуге катысушы өзін ұялшақ етіп және өзіне сенімді етіп көрсеткен. Алайда, адамдардың барлығы ұялшақ адаммен сөйлескісі келіп оған жақындаған.
Бұл зерттеу адамның ұялшақтық қасиеті ешқандай кемшілік емес, керісінше адамдар бағалауы тиіс жақсы жағы екенін дәлелдейді. Осыдан кейін мамандар өзіне шектен тыс сенімді адамдарға адамдардың сенімі бар ма, жоқ па деген мақсатта тағы бір зерттек жасап көрмек.

Жіберіп алмаңыз:

Мінезіңіз жайлы қасыңыз не дейді?

Аяғыңыздың бармақтары да мінезіңіз жайлы сыр шертеді

Талқылау