Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең ескі телефон иесі 17 жылдан бері Nokia-ны қолданып жүр (фото)

Ұлыбритания азаматы Дэйв Митчел 17 жылдан бері Nokia 3310 телефонын қолданып келеді. Ол әлі күнге дейін ескі құрылғыдағы танымал «жылан» ойынын ойнайды.

nintchdbpict000300161458

Бұл туралы The Sun басылым жазды.

Дэйв Митчелл өзінің адал «серігін» 2000 жылы сатып алған. Айтуынша, қазірдің өзінде бұл телефонды он күнде бір рет қуаттағышқа қояды. Дэйв Митчеллдің Nokia 3310 құрылғысын жаңа смартфонға ауыстыратын ойы да жоқ.

Дэйв байланыстың бұл құралын сарбаз ретінде Ирак және Ауғанстанда қызмет етіп жүрген кезінде алған.

Бүгінде Митчелл Ұлыбританиядағы ең ескі телефон иесі атағынан үмітті.

Дэйв бұл телефонның кез-келген нәрсеге төзімді екенін айтты. Ол өзінің Nokia-сын кір жуғыш мәшінеге салып, оған карри тұздығын құйып көрген. Тіпті, осындай тәжірибелерден кейін телефон мінсіз қалыпта жұмыс істейді екен.

nintchdbpict000300161303

Дэйв 29 жыл бойы әскери қызметте болған. Оның ішінде Таяу Шығыста, Иракта, Ауғанстанда борышын өтеген.

«2000 жылы жырақта жүрген кезімде үйіме хабарласу үшін аталған телефонды сатып алдым. Ол менімен бірге ыстыққа да, суыққа да төзді. Сан рет құлаттым, тіпті, кір жуғыш мәшінесінде бір айналып шықты, үстіне карри тұздығы төгілді. Тазалап, кептірсем болғаны, ол қайтадан жақсы жұмыс істейтін болды. Суретке түсу үшін фотоаппаратым бар. Ал селфиге мен түспеймін. Қолымда бар дүниеге разымын. Неге мен оны ауыстыруым керек?» – дейді Дэйв.

Оның отбасы Дэйвке жаңа телефон алып беруге қанша рет тырысқанымен, бұл талпыныстан түк шықпаған.

Дэйвтің айтуынша, қарапайым телефон ұстағандықтан да ол елмен жақсы тіл табысады. Барған жерінде телефонға үңілмей, адамдармен емен-жарқын араласады, ашық әңгімелеседі.

«Тіптен ішім пысқан жағдайда менде «жылан» ойыны бар. Ол өзі бір ғажап ойын. Менің ойнап отырғанымды көрген адамдар күлкіге қарық болады. Мені «ескінің адамы» деп мазақ етеді. Алайда мен оған көңіл аудармаймын. Бастысы өзіме ұнайды», – дейді Дэйв.

nintchdbpict000300161298

Жіберіп алмаңыз:

Жерлеу агеттігінің басшылары қаза болғандармен селфиге түсуге қарсы күреспек

Жалаңаштанған әйелдер төсінен кеудесіне дейін күнге күю құқығы үшін ереуілге шықты

Жұмбақ құбылыс: Қазақстан аумағында европалық бет-бейнелі көшпенді халық өмір сүрген

Ажырасқан қытайлық жеті секс қуыршақпен отбасын құрды

Талқылау